$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтау Анталияға айнала ма?

AstanaTV
13.08.2018ж. 20:00
3238
Ақтау Анталияға айнала ма?

Ақтау Анталиядан кем болмайды. Жағажайы мен қонақ үйі келіскен қаладағы тынығу орнына барған Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Туризм тақырыбы Каспий маңы елдерінің мемлекет басшыларының саммитінде сөз болды. Болашақта теңіз шипажайларында жылына 1 миллион адам тынығады деген жоспар бар.

Владимир Путин, РФ президенті:

Бағалау болжамы бойынша Каспий теңізінің шипажайы жылына 1 млн аса тынығушыларды қабылдауына шамасы жетеді. Бірақ заманауи туристік инфрақұрылымды дамыту керек. Ресейде теңіз лайнері салынып жатыр. 2019 жылы қолданысқа берілсе, Каспийді айналып круиздік сапарлар жасауға мүмкіндік береді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Анау кезде біз Алакөлге бардық. Балқашқа бардық. Әнеукүні Бурабайда болдық. Ендігі дамытатын теңізіміз бар. Ешкімнен кем емес. Тап-таза. Түркияның Анталиясынан кем емес.

Инфрақұрылым мен қызмет көрсету сапасы жақсармай, туризм дамымайтыны даусыз. Әзірге екеуі де ақсап тұр, - дейді туристік компания өкілдері де. Елге саяхаттаушыларды ертіп әкелетін кез 5 жылдан кейін келуі мүмкін. Ал Каспий саммитінде туризмді бірлесіп дамыту ұсынылды. Ол үшін алдымен, тиісті жобаларды дайындайтын ведомство құру керек деді көшбасшылар.

 Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы