Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Каспийде сыртқы күштердің әскери базасы мүлдем болмауы тиіс

AstanaTV
13.08.2018ж. 20:00
3104
Каспийде сыртқы күштердің әскери базасы мүлдем болмауы тиіс

Каспийде сыртқы күштердің әскери базасы мүлдем болмауы тиіс. Осы орайда тарихи саммитке қатысқан Иран мен Ресей президенттерінің сөзі бір жерден шықты. Ал бес мемлекет табиғи байлыққа тұнып тұрған теңіз түбін халықаралық құжаттарға сай бөліседі. Ақтауда көп күттірген конвенцияға қол қойған соң, теңізден қай елге, қанша миль бұйырғанын Нұрсұлтан Назарбаев айтып берді. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Конвенцияға қол қойған соң, тарихи суртке түсу сәті. Бөліске салуға біраз уақыт көнбеген Хасан Руханидің өзі біткен іске мәз. Қос президенттің қолын балаша сермейді. Сонымен әр елге жағалау сызығынан 15 теңіз милі бұйырды. Бір миль 1852 шақырым. Демек жағалаудан 30 шақырым аумақ әр мемлекетке тиесілі. Оған қоса тағы 10 миль аумақта балық аулаға рұқсат етілді. Теңіз суының 29 пайызы Қазақстанды шаяды. Демек, Каспийдің көп аумағы бізге бұйырып отыр. Әр ел өз шегарасына дейінгі аумақта жер қойнауын пайдалануға, магистральді құбыр тартуға, кабель жүргізуге құқылы. Оған ешкім араласпайды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Түрлі режімдер арқылы акваторияларды аймақтарға бөлу бойынша консенсуске қол жеткізілді. Біз территориялық суларды 20-15 теңіз милі енімен бекіттік, сонымен бірге олардың сыртқы шекарасы мемлекеттік мәртебесіне ие болады.

Одан әрірек теңіздің түбі әлі бөліске түскен жоқ. Каспийде 10 млрд тонна мұнай және газ бар. Иран президенті Хасан Рухани осыған назар аударды. 1921 және 40-шы жылдары Иран мен Кеңес өкіметі қабылдаған құжатқа сүйенуді сұрады. Руханиді қауіпсіздік мәселесі де алаңдатады.

Хасан Рухани, Иран Ислам Республиксының президенті:

Қандай болмасын, әскери база салып, оны бөгде мемлекеттерге беруге, шетелдік әскери кемелердің жүзуіне, ұшақтарының ұшуына, жүк тасымалдауына тыйым салынады. Каспийдің қауіпсіздігін сақтауға 5 мемлекеттің өзінің-ақ қауқары жетеді.

Руханидің сөзін Путин де іліп әкетті. "Ақ үйдің" қысымынан ығыры шыққан Ресей басшысы әскери кемелер келеді деп қауіптенсе керек. Осы тұста соңғы уақыттағы Американың "адуынды" әрекеттері конвенцияны жылдам қабылдауға түрткі болды деген сарапшылардың сөзі шындыққа жанасатын сияқты.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:

Конвенцияда қауіпсіздікке басымдық берілген. Каспий соғыс ошағы қызған, халықаралық лаңкестерге жақын аймақта тұр. Сондықтан шекара шебін күшейтуіміз қажет. Қару-жарақ, есірткі айналымы мен браконьерлерге күресті де үдете түсуіміз керек.

Браконьер демекші, 2014 жылы Астраханьда өткен саммитте бекірені аулауға 10 жылға мораторий жариялаған. Ираннан басқасы. Әлемде бекіре балықтарының 90 пайызы Каспийде. Ортақ құжат болмады, жауапкершілік те жоқ. Содан балық басы 10 есеге кеміген. Енді оны көбейтуге бәрі мүдделі.

Су алабының табиғи ерекшелегі де бөліске салуға қаншама жыл кедергі келтірген. Енді Каспий теңіз де, көл де. Сондай ерекше мәртебе берілді. Ең қиын жұмыс алда. Президенттер қол қойғанымен енді Каспийдің құқықтық мәртебесі жайлы конвенцияны бөлек заң ретінде, әр елдің парламенті бекітіп беруі тиіс.