Мұнайға бай Сауд Арабиясы күйреудің алдында тұр. Сауда және даму жөніндегі БҰҰ-ның конференциясындағы баяндамада осындай мәлімет келтірілді. Вести. Экономианың хабарлауынша, өткен жылы тікелей шетелдік инвестиция көлемі небәрі 1,4 млрд долларды құраған. Ал бұған дейін бұл көрсеткіш 7 млрд доллардан асқан. Бұл корольдік үшін ауыр кезең саналып отыр. Бұған бірнеше жағдай себеп. Экономиканың шатқаяқтауы мұнай бағасы мен саудиттердің Йемендегі азаматтық соғысқа қатысуы да әсер етіп отыр. Мақалада бұған қару жеткізіп отырған АҚШ көмектесіп отыр деп жазылған. Тіпті Сауд Арабиясының әл-ауқат қорындағы қаражат 250 млрд долларға дейін азайған. Ал іске асырылуы тиіс жобаларға 776 млрд АҚШ ақшасы қажет. Ел экономикасын тіктеуге дипломатиялық соғыс та жол бермей отыр. Эр-Рияд Канадамен дауға қалды. Екі ел арасындағы сауда және инвестиция тоқтатылған. Еске салайық, Сауд Арабиясы Канаданы елдің ішкі жағдайына араласты деп айыптады. Канада Сыртқы істер министрлігі ел билігі тұтқындаған араб әйелдерін қорғау туралы айтқан болатын.