Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Алматыда бір тұрғын өз әкесінің жаназасы күні абайсызда лифт шахтасына құлап кетті

AstanaTV
13.08.2018ж. 20:00
2484
Алматыда бір тұрғын өз әкесінің жаназасы күні  абайсызда лифт шахтасына  құлап кетті

Алматыда лифтінің кесірінен бір адам ажал құша жаздады. Лифт шахтасына құлаған азамат түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның аман қалғанына сене алар емес.

Арман Байболов, Алматы қалалық №7 клиникалық ауруханасы политравма бөлімі меңгерушісін уақытша атқарушы:

Сотрясение головного мозга, переломы с четвертого по десятое ребро.Осложнение гемотороксом, тупая травма живота, разрыв селезенки. Перелом ключевой кости слева. Закрытый перелом наружной большой кости слева со смещением.

Ал әкімдіктегілер болса бұған лифтіде шамадан тыс көп салмақтың болуы себеп деп отыр. Қазіргі кезде полицейлер қайғылы жағдайдың нақты себебі анықтап жатыр. Ал есін жиған Ринат Тоғжанов сол күні әкесін жерлемек болғанын айтады. Лифт істен шыққан соң есікті өз күштерімен ашады. Сол кезде аяғы тайып, шахта ішіне құлап кеткен.