Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте құдалар қымыздан уланған болып шықты

AstanaTV
13.08.2018ж. 20:00
3394
Шымкентте құдалар қымыздан уланған болып шықты

Шымкентте құдалыққа барған 11 адам қымыздан ұшынған болып шықты. Зертханалық зерттеу қорытындысына сүйенген  Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшылығы осылай деп мәлімдеді. Еске салайық, өткен аптада Шымкетте  құдалыққа барған 11 адам өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға түскен болатын. Мейрамхана басшылығы жаппай улануға себеп болған қызмызды той иелері өздері әкелген деп отыр. 

Алдарқұл Ахметов, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

Қымыздан ішек таяқшалар тобының бактериялары анықталып отыр және эшерихия коли анықталып отыр қымыздан. Қымызды дайындап әкелуші Төлеби ауданының азаматы болатын, 40 литр қымыз алып келген. Қымызды әкелген кезде полиэтиленді ыдыстарда алып келген. Бірақ ол бірнеше рет қолданылған, іші дұрыс жуылмаған. Соның себебінен осы қымыз арқылы беріліп отыр жұқпа көзі.