$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Атырауда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мотожорық бастау алды

AstanaTV
26.05.2016ж. 20:00
1422
Атырауда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мотожорық бастау алды

«Менің Елім - Моя Страна». Атырауда  осындай атаумен үшінші  республикалық мотожорық бастау алды. Бұл шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен «ЭКСПО - 2017» көрмесіне арналып отыр.

Ертең Атыраудан 5 мотоциклші  жолға шығады. Еліміздің көкбайрағы мен «ЭКСПО» белгісін тағып, Орал, Ақтөбе,  Қызылорда, Шымкент, Алматы арқылы Өскемен, Семей, Павлодар, Астанаға бармақ. Әр қалаға аялдаған сайын Тәуелсіздік жылдарындағы елдің жетістігі мен халықаралық көрмені насихаттайды. Жолай өзге қаладағы әріптестері де қосылмақ. Көпұлтты еліміздің жастарын салауатты өмір сүруге шақырамыз,- дейді шараны ұйымдастырған "Қазақстан 2050" қозғалысы мен мотоклуб өкілдері.

Олег Шмаль, мотоклуб президенті:

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлауға осылайша өз үлесімізді қосуды ұйғардық. 16 күн ішінде  Қазақстанның 20 шақты қалаларында боламыз және сегіз  жарым мың шақырым жолды жүріп өтеміз.  

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ