Голливудтық
Disney студиясының кезекті туындысы қазақ тілінде жарық көрді. «Нұр Отан»
партиясының қолдауымен аударылған «Алиса айнаның арғы бетінде» фильмінің
әлемдік тұсаукесері қарсаңында Астанада алдын-ала көрсетілімі өтті.
Тікелей
ағылшын тілінен қазақ тіліне тәржіма жасалған туындының дубляжына жиырмадан аса
қазақстандық әртіс тартылды. Олардың дауыстарын Голливудтағы бас кеңсе өздері таңдаған. Тұсаукесерге келген кеш
қонақтарын фильм кейіпкерлері қарсы алды. Ал ғажайып әлемінің декорациялары
Айнаның арғы бетіне түскендей әсер қалдырды.
Бұл «Нұр Отан» партиясының қолдауымен аударылған бірінші фильм емес.
Партия бастамасымен 2006 жылдан бері әлемге әйгілі картиналар қазақ тілінде
көрерменге ұсынылып келеді. Ел тұрғындары "Айнаның арғы бетіндегі Алисаның хикаялары" фильмін бүгіннен бастап барлық кинотеатрлардан тамашалай алады.
Нартай
Сауданбекұлы, дубляж актеры:
Қазақша сөйлеп, қазақша
кино дыбыстап, өте кәсіби жоғарғы деңгейде дыбыстауға болатын және өзіміз ғана
емес, айналамызбен бірге қазақша киноны көріп, үйренуіміз керек. Өйткені
қазақтың тілі жасасын, қаза тілі өрге бассын деген құр айғай ғана емес, іспен
де, әрекетпен де және қалтаңнан тиын шығарып, қаржылай да жұмыс істеу керек. Сол
кезде тілі де, ісі де өрге басады.
Берік ХАСЕНОВ