Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Санкциялардың Қазақстан экономикасына кесірі тимейді деп АҚШ тарапы кепілдік берді - Т.Сүлейменов

AstanaTV
14.08.2018ж. 20:00
2313
Санкциялардың Қазақстан экономикасына кесірі тимейді деп АҚШ тарапы кепілдік берді - Т.Сүлейменов

Қазақстан экономикасына санкциялардың салқыны тимейді. АҚШ тарапы біздің Үкіметке кепілдік берді. Ұлтық экономика министрі Тимур Сүлейменов Үкімет қабырғасында осылай дейді. Бұл туралы Ресеймен арада да диалог болған.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

"Мен санкциялардың біздің экономикаға кесірі тимейтіні туралы америкалық әріптестермен ашық диолог болғанын атап өткім келеді. Бұл ретте олардың түсінігі мол. Тіпті санкцияларды жариялау алдында біздің мемлекеттің мүддесіне қайшы келмейді деп кепілдік берген". 

Ал Ұлттық банк елде доллар санкция әсерінен өсіп кетті деп мәлімдеді. Жыл басынан бері теңге 9 пайызға құлдырады. Бұл аралықта рубль 17 пайызға құнсызданған. Бүгін айырбас пунткттері орта есеппен 364-ке саудалап жатыр. Кейбірі 368-369-ға дейін тіреп қойған. Ал Ұлттық экономика министрі бюджетті қайта қарау үшін доллар бағамы 363 теңгеден кем болмауы керек деді. Ал бюджетте әр доллар 340 теңгеден бағаланған.