Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанада Шетел инвесторлары кеңесінің ХХIХ отырысы өтті

AstanaTV
27.05.2016ж. 20:00
1489
Астанада Шетел инвесторлары кеңесінің ХХIХ отырысы өтті

10 жылда Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының қызметінен түсетін жалпы табыс 40 млрд долларға жуықтайды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Елордада өткен Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында осылай деп мәлімдеді. Орталық еліміздің ішкі жалпы өнім өсімін жеделдетпек. Оған "Болашақ" бағдарламасының түлектері тартылып, 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылмақ. Толығырақ тілші тарқатады.

"Астана халқаралық қаржы орталығы" Дубай, Лондон сынды алпауыт қаржы орталықтарымен бәсекелес емес, серіктес болуы шарт. Шетелдік инвесторлар осындай ой айтты. Еуропалық қайта құру және даму банкінің төрағасы Астанаға қазір көшуге дайын екенін мәлімдеді.  Ал қаржыландырудың жартысын ұлттық валютада  жүргіземіз деп те уәде етті.

Сума Чакрабарти, Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті:

Қазақстан - біз жұмыс істейтін 36 нарықтың ішіндегі 4-ші ірі нарық. Әрине, Президент Нұрсұлтан Назарбаев бастаған реформалар бұл инвестицияларды ілгері жылжытуда. Өткен жылы Қазақстанның ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнімдерін шығаруға 120 млн еуродан астам инвестиция құйдық. Осылайша ел  экономикасына 700 млн еуродан астам қаржы салып отырмыз. Банк командасы мүмкіндік туындаған сәтте ЭКСПО қалашығына көшуге дайын екенін ресми мәлімдеймін.

Дегенмен, орталықтың толыққанды жұмыс жасауы үшін атқарылар іс көп. Бұл ретте шетелдік инвесторлар салықтық заңбұзушылықтарға қатысты ұсыныс айтты. Берешегі 42 миллион теңгеден асқанда ғана қылмыстық жауапқа тартуды сұрады.

Ульф Вокурки, «Қазақстан шетел инвесторлары кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы:

Кеңес қарауына келесі ұсыныстарды енгіземіз. Біріншіден, салықтық бұзушылықтарды дескриминализациялау жүргізу қажет. Нақты айтқанда, салықтар мен айыппұлдарды өз еркімен төлеген жағдайда, қылмыстық жауапкершілікті алып тасау керек. Көптеген шетелдік инвесторлар ірі салық төлеуші болып табылады. 

Осы орайда Президент Үкімет пен жауапты органдарға мәселені реттеуге пәрмен берді.  Ұсыныстары жерде қалмайтынын айтты. Инвесторлар тарапынан Орталық Азиядағы тұңғыш орталыққа қызығушылық жоғары. Бұған Инвестициялар және даму министрінің баяндамасы дәлел. Әсет Исекешев, бүгінде 200 инвестордан жалпы соммасы 40 миллиард доларды құрайтын жобаларды қарастырып жатқанын айтты. Жоспар да көп. Тіпті халықаралық қаржы орталығы базасында Торонто биржасы үлгісіндегі "жер қойнауын пайдаланушыларға арналған алаң" құрылмақ.

Әсет Исекешев, ҚР инвестициялар және даму министрі:

Белсенді 200 жобаның 30-дан астамы биыл жұмыстарын жандандыратынын атап өткім келеді. 60-тан астам компания жобаларын іске асырмақ. Әлемнің 40-қа жуық трансұлттық компаниясы да Қазақстанға инвестиция салуды жоспарлап отыр. Олардың әрбірімен жұмыс жоспарын құрдық. 

Инвестициялық климатты жақсарту үшін шетелдік кәсіпкерлерге еңбек режимі жеңілдетіледі, деді Президент. Ал келер жылдан бастап визасыз режим де оңтайландырылмақ.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Продолжается работа по улучшению инвестиционного климата, нацеленная на внедрение в Казахстане стандартов ОЭСР. Так, во всех регионах Казахстана открыты сектора обслуживания инвесторов по принципу одного окна, создан институт инвестиционного омбудсмена, правительственные региональные советы по вопросам привлечения инвесторов. Если в 2015 году список стран безвизового режима было 35, то в 2017 году будет 54 страны.

Отырыс соңында  Нұрсұлтан Назарбаев келесі кеңес отырысының тақырыбы мен болар күнін айқындады. Ол 2017 жылы ЭКСПО көрмесі басталған кезде өтпек. Қаузаланатын тақырып: "Жаңа Энергетика".

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА