Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбеде тұрғынның үстіне аялдама павильонының құлау себебі анықталып жатыр

AstanaTV
15.08.2018ж. 20:00
2458
Ақтөбеде тұрғынның үстіне аялдама павильонының құлау себебі анықталып жатыр

Ақтөбеде үстіне аялдама павильоны құлап, омыртқасы екі жерден сынған әйел жауапты мекемені сотқа бермек. Моральдық, материалдық шығын өндіруді көздеп отыр. Себебі ауыр жарақаттан ұзақ уақыт емделуге тура келеді. Еске сала кетейік, оқиға екі күн бұрын болған еді. Сания Сафина сол күні кешкілік Мәметова көшесінде екі баласымен бірге автобус күтіп тұрған. Кенеттен соққан қатты жел салдарынан темірден құрастырылған аялдама павильоны олардың үстіне құлаған. Санияның жеңіл жарақаттанған балалары медициналық тексеруден соң үйлеріне жіберіліпті. Ал өзі аурухана ем қабылдап жатыр.

Сания  Сафина Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Үстімнен басып қалды. Мен отырып қалдым, омыртқам екі жерден сынған. Қазір белім ауырады. Міне, көгеріп кеткен.

Ал Ақтөбе әкімдігі аялдаманың құлау себебін анықтап жатыр. Әзірге қандай мекемеден олқылық кеткені белгісіз. Қазіргі таңда оқиға болған көшені кеңейту жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс аялдама павильонының құлауына әсер еткен, етпегені де тексеріледі.

Бауыржан Алдияров, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

Аялдама павильоны құлауының себебін анықтап жатырмыз. Барлық ақпаратты алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.