Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Қазақстан" полигонындағы жарылыстан зардап шеккен 9 сарбаз жансақтау бөлімінде

AstanaTV
15.08.2018ж. 20:00
3751
"Қазақстан" полигонындағы жарылыстан зардап шеккен 9 сарбаз жансақтау бөлімінде

«Қазақстан» полигонындағы жарылыс себебін арнайы комиссия анықтайды. Қорғаныс министрлігінің мамандары осылай деп мәлімдеді. Белгісіз құрылғының іске қосылуынан 9 сарбаз жарақат алған. Олар 12/740 десантты шабылдаушы әскери бөлімінің жауынгерлері. Қазір олар Алматыдағы әскери госпитальда. Оқиғаның мән-жайын тілшіміз Олжас Нұржақып анықтауға тырысты. Олжас, сарбаздар жағдайы қалай? Оқиға неден болғанын анықтай алдыңыз ба?

Олжас Нұржақып, тілші:

Ия, Оксана, жарақат алған 9 сарбаз қазір Қорғаныс министрлігі атындағы әскери-клиникалық госпитальда жатыр. Олардың 3-еуі сарбаз болса, 6-уы келісім-шарт бойынша жұмыс істеген әскерилер.

Оқиғаның қалай болғанын солардың бірі Мадияр Ахметов айтып берді. Ол алған жарақатына қарамастан Камаз көлігімен 3 шақырымдық әскери бөлімге жетіп, көмек сұраған.

Мадияр Ахметов, 12/740 десанттық шабуылдаушы әскери бөлімінің кіші сержанты:

Жан-жағыма қараймын, солдаттарым менің «господин, көмек беріңізші» дейді. Содан намысыма тиіп, екі аяғым жаралы болса да, Камазға отырып, барып лагерьден көмек сұрап, әкеп, болған оқиға жерін көрсетіп, өзімде сөйтіп жүргенде қансырап талып қалыппын. Екі аяғыма ем-дом жасады.  Бәр жақсы. Өте жақсы менде. Самое главное, мына жерде үш солдатым бар және әріптестерім бар. Солар аман болса болды маған.

Жарылыс болған жерге госпиталь мамандары екі тікұшақпен жеткен. Бірінің жағдайы ауыр болғандықтан, Қапшағай ауруханасында қалдырған. Бірақ бүгін ол да госпитальға жеткізілген. Әскерилер керуентінде мина жарылғыш заты деп жазылған. Жарықшақтардан жарақаттанғандардың ішінде аяғы сынғандар да бар. Дәргерлер әзірге жансақтау бөлімінде болады деп отыр. Жағдайлары орташа тұрақты деп бағаланған.

Әбдуали Палтушев, ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-клиникалық госпиталінің хирургы:

Дереу тікұшақпен жетісімен олардың қанын тоқтату сынды алғашқы көмек көрсетілді де, госпитальға жеткіздік. Сол жерде таңғы  сағат 5-ке дейін ота жасалды. Яғни жарылғыш зат қалдықтары мен сынған аяқтары, жарамсыз жасушаларды алып тастау жұмыстары жүргізілді.  Қазір тоғызы да реанимация бөлімінде. Өмірлеріне еш қауіп жоқ. Негізінен қойылған диагноз мина-жарылғыш жарақат. Аяқтың төменгі тұсына тиген жарықшақтар мен сыну белгілері.

Ал Қорғаныс министрлігі тарапынан бүгін ешбір адам сұхбат бермеді. Олар таратқан мәліметке сүенсек, жарылғыш заттың не екені белгісіз. Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.

Олжас Нұржақып, тілші:

Мұны Қарулы күштердің десантты-шабылдаушы құрылымының баспасөз қызметі хабарлады. Оксана, мендегі бар ақпарат осындай.