Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Италияда қираған көпірден қаза болғандар саны 38 адамға жетті

AstanaTV
15.08.2018ж. 20:00
2788
Италияда қираған көпірден қаза болғандар саны  38 адамға жетті

Нұрсұлтан Назарбаев Италия президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдаған. «Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта. Ал Генуядегі қираған көпірден қаза болғандар саны 38 адамға жетті. Бұл туралы Corriere della Sera италия басылымы жазып отыр. Әзірге тек 26-ның аты-жөндері белгілі.

Қазір оқиға болған жерде құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Көпірдің қирауына конструкциясының ескіргендігі басты себеп болуы мүмкін. Көпір өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған. Үнемі жөндеу жұмыстарын қажет еткендіктен, халық көпірді «науқас» деп атап кеткен. Ал бұл нысанға жауапты компанияға 150 млн еуроға дейін айыппұл салынуы ықтимал. Мұны Италияның инфрақұрылым және көлік министрі Данило Тонинелли мәлімдеді. Рейтерстің ақпарынша, жақында Италия билігі барлық жол нысандарын тексеруді қолға алған. Олардың көбі 60-70-ші жылдары салынған екен.