Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Павлодарда медициналық анықтамалар оңды-солды сатылған

AstanaTV
15.08.2018ж. 20:00
2694
Павлодарда медициналық анықтамалар оңды-солды сатылған

Жалған анықтама сатқан 4 дәрігер жұмыстан қауылды. Павлодарда медициналық анықтама жасап беруді бизнеске айналдырған ақ халаттылардың әрекеті әркеше болды. Тіпті дәрігерлер құжаттың маңыздылығына қарай тариф те белгіліп қойыпты. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген тексеріс осыны көрсетіп отыр. Заңсыз әрекетке жол берген аурухана мен емхана басшаларын қандай жаза күтіп тұр? Әріптесім Әсемгүл Мұхитқызы толығырақ.

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші: 

Медициналық анықтамалардың сатылатындығы интернет желісіндегі хабарламада жарияланған. Құжаттың құны маңыздылығына қарай әр түрлі - 2, 3, тіпті 8 мың теңгеге дейін барады. Сорақысы, емхананың ресми қағаздарын тұрғындар доктордың кабинетінен ғана емес, кассадан, тіпті жеке тұлғаның үйіне барып сатып алған.

Бұл - денсаулық сақтау бағытындағы былықтың бір шеті ғана. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жүргізген мониторинг салада коррупцияның жайлағанын кезекті рет әшкереледі. Өзін қарапайым жұмысшы деп таныстырған маман уақытының шектеулі екендігін айтып, анықтама жасап беруді сұрайды. Жауап көп күттірмеді.

-Ол қанша тұрады? -Может, бірдеңе әкелесің бе? -Білмеймін, керек пе? - Свежий деп ойлайсыз ба флюра, ол баяғыда жасалып, бір жыл өтіп кеткен шығар. -Істеп бер десең, ол 500 теңге. -Иә. Уақыт жоқ әйтпесе. - Ана, дәптерге сал! 

Жасырын камераға түсірілген таспаны көрген ведомство басшысы салада заңсыз әрекеттің  барын мойындады. Ораз Мұқашев өңірде жемқорлыққа қарсы қаншама тренинг, шара өткізілсе де, нәтиженің жоқтығына налыды

Ораз Мұқашев, Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Жұмысқа жарамсыздық туралы қағазға қойылатын мөр. Сонда сіздің емхананың мөрі әр бөлімшеде жүреді ме? Айналып келгенде, №4 емхананың ресми құжаты. Мөр басылған. Еңбекке жарамсыздық қағазы қаржылық есеп алынатын құжат. Бұл қып-қызыл ақша. Ал, сіздерде құжат ашықтан-ашық сатылады. Өкінішке орай, бұл басқа емханаларда да бар.

Ақ халаттылар үнсіз. Айтарға уәждері жоқБірақ, аурухана басшысы қол астындағылардың құйтырқы әрекетке барғандарына бірден сене қоймады.

Серім Сыздықов, Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық клиникалық аурухананың басшысы:

Вы через кассу прошли? - Он не проходил, ни анализы, ничего. Просто подошел в кассу и купил. У вас там в кассе продается за 3000 теңге. 

Еркеғали Жанғазы, Павлодар облыстық арнайы мониторинг тобының мүшесі:

Жаңағы адамдардың арасында туберкулезбен ауырғандар болуы мүмкін. Басқа да жұқпалы аурулармен ауырғандар адамдармен, балалармен мектепте, балабақшада жұмыс істеуі мүмкін. Күйзелістеміз. Өйткені мұндай жағдайлар арамызда бар.

Арнайы топ үш медициналық мекемеден жалған анықтама сатудың 5 әрекетін әшкерелеген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын таппақ. 

Әсемгүл Мұхитқызы, тілші:

Түс ауа өңірдің бас дәрігері оқиғаға қатысты нақты шара қолданылғанын мәлімдеді. Белгілі болғандай, құжаттарды заңсыз сатқан 4 медициналық қызметкер жұмыстан қуылған. Ал Екібастұз қаласының №3, Павлодар қаласының №4-ші емханасы мен Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың басшыларына қатаң сөгіс жарияланған. Бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс басталды.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ