Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Көмір бағасы 10-16 мың теңгеден аспайды - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі

AstanaTV
16.08.2018ж. 20:00
2710
Көмір бағасы 10-16 мың теңгеден аспайды - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі

Көмір бағасы 10-16 мың теңгеден аспауы керек. Ал баға бақылауда болады. Инвестициялар және даму министрлігі өкілдері осылай дейді. Олар шалғай елді мекендерге жеткізілетін көмір бағасы да 16 мың теңгеден қымбаттамауы керек деп отыр. Бүгінде өңірлер жылу маусымына қажетті отынмен 70 пайызға қамтылған.

Қанат Байтов, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комитет төрағасының орынбасары: 

Қызылорда облысына көмір әлі жеткізілген жоқ. Ол күн райына байланысты. Ыстықтан көмір жанып кетеді. Сондықтан тасымалдау қыркүйек-қазанға жоспарланып отыр.

Министрлік баға бойынша әкімдіктерді Бас прокуратура қадағалайды деп отыр. Еске салайық, бір ай бұрын көмір өндірісі Энергетика министрлігінен Инвестициялар және даму министрілігінің құзырына өткен. Коммуналдық мекемлер мен халыққа көмір жеткізуге бұдан былай аталған мекеме жауапты.