Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қарағанды энергетиктері жылу маусымына дайын емес көп қабатты үйлердің құбырларын қиып тастады

AstanaTV
16.08.2018ж. 20:00
2251
Қарағанды энергетиктері жылу маусымына дайын емес көп қабатты үйлердің құбырларын қиып тастады

Қарағанды энергетиктері жылу маусымына дайын емес көп қабатты үйлердің құбырларын қиып жатыр. Қалада мұндай қара тізімге 70 үй енген. «Теплотранзит» серіктестігі құбырлардың жөнделмегенін желеу етіп отыр. Ал тұрғындар болса еш ескертусіз қазандықтан ажыратты, - деп шығам айтуда.

Руслан Әшімов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Сол бүгін ғана білдім жылуды кесіп тасатағанын. Бірақ маған ешқандай қағаз келмеді. Бірақ енді жылу болмаса, әрине, суық болады. Оны шешу керек.

Энергетикалық компания жылу құрыбларын шайып, тексермеген 10-нан астам үйді орталық жылу жүйесінен ажыратып тастады. Қалғанын осы аптада қию жоспарланған. Кестеге сәйкес үйлердің техникалық дайындығы маусымның 15- інде бекітілуі тиіс еді. Алайда жеке пәтер иелері кооперативтері мен тұтынушылардың ортақ жөндеу жұмыстарына ақша бөлмеуі салдарынан жұмыс істелмеген. Мамандар үйлердің техникалық ахуалы түзелмейінше қазандыққа қоспаймыз, - дейді.

Иван Волошко, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС баптау қызметінің жетекші инженері:

Адамдар ішкі коммуналдық жүйенің өздеріне тиесілі және ол үшін жауапты екендерін түсінбейді. Сондықтан осындай шара қолдануға мәжбүрміз. Енді жылу маусымына дайын болған кезде ғана орталық қазандыққа қайта қоса аламыз. Бұл қызмет қымбат емес, бірақ ақылы.