$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Шуда бір отбасы мүшелерін өлтіріп кеткен қылмыскер құрықталды

AstanaTV
16.08.2018ж. 20:00
3725
Шуда бір отбасы мүшелерін өлтіріп кеткен қылмыскер құрықталды

Шу ауданында дүние үшін бір отбасын қанға бөктірген күдікті ұсталды. 42 жастағы күдікті өзі жалданып жұмыс істейтін шаруа қожалықтың басшысы мен оның екі баласын өлтірді деп айтыпталып отыр.  Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға Далақайнар ауылынан 12 шақырым жердегі «Үш қызыл» таулы учаскесі маңында болған. Қожалық иесінің денесі ауладан, ал 17 жасар қызының мүрдесі үйінен, 16 жастағы ұлының денесі үй маңындағы бұталардың арасынан табылған. Бірін пышақтап, енді бірін қатты заттармен ұрып өлтірген күдікті ауыр қылмысқа ақша үшін бардым деп түсіндірген. Дүние үшін үш адамның өмірін оңай қиған күдікті кемі 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ІІД баспасөз хатшысы: 

Бұл қылмысты пайдакүнемдік ниетпен осы шаруашылықтың 42 жастағы жұмысшысы жасаған. Оны ұстаған кезде жәбірленушілердің мотоциклі, ноутбугі, ұялы телефондары мен ақшасы алынды. Ол өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау абақтысына жабылды. Қазіргі таңда қылмыстық Кодекстің 99 бабы, 2-ші бөлімі, 1, 14 тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.