Жер мәселесіне орай шеру
ұйымдастырмақ болғандарға қатысты Бас прокуратура арнайы мәлімдеме таратты. Құзырлы орган өкілі, тиісті заңнаманы елемегендердің түпкі мақсаты - бейбіт шерулер немесе Жер
кодексін өзгерту емес, қоғамдық саяси ахуалды шиеленістіру, дейді. Мемлекет
тарапынан Жер кодексіне байланысты өркениетті диалогқа және пікірлердің
ескерілуіне барлық жағдай жасалғанын айтады. Президент мораторий жариялаған соң
Жер кодексін қайта қарайтын комиссия мен қоғамдық кеңестер жұмыс істеп жатқанын
еске салады.
Құсайын Игембаев, ҚР Бас
прокуратурасы 2-департамент бастығы:
Түрлі өңірлерінде болған заңсыз
акциялардың бәрі бір қолдан шыққандай әсер қалдырады. Аталған қылмыстық
істердің аясында осы құқыққа қайшы әрекеттердің заңсыз қаржыландырылуы
зерттелуде, олардың қаржы көздері туралы ақпараттар тексерілуде. Тергеу
нәтижесі бойынша, арандатуға қатысы бар адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық
баға берілетін болады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ