Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы көшпелі отырыс өткізді

AstanaTV
27.05.2016ж. 20:00
1333
«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы көшпелі отырыс өткізді

"Нұр Отан" партиясы қарапайым азаматтардың мәселелерін шешуге білек сыбана кірісті. Елордада тұрғындардың кез-келген сұрақтарына жауап беретін көшпелі қоғамдық қабылдау отырыстары басталды. Шара "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалы мен Астана қалалық мәслихаты депутаттарының ұйымдастыруымен қолға алынды.

Биыл дәстүрлі қабылдау Елорданың Алматы ауданынан бастау алып отыр.  №28 мектеп қабырғасында 20-дан аса түрлі саладағы мемлекеттік мекемелердің жетекшілері жиналып, жергілікті азаматтарды мазалаған барлық сұрақтарға тұщымды жауап қайтаруға тырысты. Қалалықтарды көбінесе білім беру, денсаулық сақтау саласындағы сұрақтар алаңдатса керек. Баспана жайы мен пәтер иелері кооперативтерінің жұмыстары да көкейкесі мәселелер қатарында. 

Асхат Оралов, Астана қалалық мәслихатының депутаты, "Нұр Отан" партиясының мүшесі:

Тұрғындардың біраз мәселелері бар. Әрбір тұрғыннның, шыны керек, уақыты болмайды. Алыс деп есептейді. Бірақ біздің зейнеткерлеріміз, мүгедектеріміз бар, осында тұратын көптеген тұрғындар, жақын жерге келе алады. Біз тек кеңседе емес, ауданға шығып, олармен тікелей бейресми, ресми кездесулерді ұйымдастыруға дайынбыз.

Орынкүл Сүгірбай, қала тұрғыны:

Үй мәселесіне қатысты келдім. Құрылысшы үйімізді соңына жеткізбей, құрылысты тоқтатты. Осы үшін келіп отырмыз. Әкімнің орынбасары қабылдады. Барлық сұрақтарымызға жауап берді. Алысқа барудың қажеті жоқ, жақын жерде тұрамыз.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА