Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алдағы жылы "Бауыржан Қонысбаев" бекеті Өзбекстаннан тәулігіне 1000-ға жуық көлік өткізуге қауһарлы болады

AstanaTV
17.08.2018ж. 20:00
4154
Алдағы жылы "Бауыржан Қонысбаев" бекеті Өзбекстаннан тәулігіне 1000-ға жуық көлік өткізуге қауһарлы болады

Қазақ-өзбек шекарасындағы көлік кептелісіне Өзбекстандағы "Яллама" өткізу бекетіндегі қондырғылардың істен шығуы себеп. Оған қоса жүк көліктер санының артуы да түрткі болған. Мамандардың айтуынша, биыл бұл бекет арқылы Өзбекстанға тауар айналымы 25 пайызға ұлғайып, жүк көлік саны 70 пайызға артқан. Алдағы 17 күннің ішінде тәулігіне 200-ден 315- ге дейін автокөлік Өзбектсанға қарай өткізілген. Комитет өкілдері келер аптада бекеттегі жағдай тұрақталады деп отыр.

Қайрат Танкебаев, ҚР мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысының орынбасары:

Қазіргі уақытта 200-ден 315-ке дейін автокөлік құралдары ұлғайды Өзбекстан Республикасына қарай. Сондықтан күніне 315, 150,160 автокөлік кептелісі бола бастады. Бұл мәселені шешу үшін біздің тарапымыздан ресми түрде Өзбекстан тарапына хаттар жолданған, екі жақты мәселені шешу үшін. Қазіргі уақытта кептеліс 130-ға түсірілді. 

Келер жылы Түркістан облысы аймағындағы «Қонысбаев» бекеті тәулігіне 1000-ға жуық көлік өткізуге қауһарлы болады. Бұл туралы мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, 19 ай салынатын бекет құрылысында жаңа қондырғылар орнатылып, жолдар кеңейтілмек. Модернизацияға бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні әзірге белгісіз. Бұдан өзге елдегі 19 бекетті де жаңарту қарастырылған.