Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Бас прокуратура Әблязов Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырған деп айыптап отыр

AstanaTV
17.08.2018ж. 20:00
2653
Бас прокуратура Әблязов Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырған деп айыптап отыр

Бас прокуратура Мқхтар Әблязов Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырған деп айыптап отыр. Құқыққорғау органы баспасөз қызметінің ақпарынша, 31 шілдеде Әблязовқа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан прокуратурасына тергеуге келу керектігі туралы хабар жолданған. Алайда Мұхтар Әблязов шақыртуға келмеген. Жиналған дәлелдерге сәйкес, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің «ж», «з» тармақтары бойынша іс қозғалған. Ол Мұратхан Тоқмадимен алдын ала хабарласып, «Тұран Әлем банкі» АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілігіп отыр.