$484.11 €528.79 ₽5.03
×

Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді

AstanaTV
17.08.2018ж. 20:00
4579
Астанада құрбандық шалатын орындар белгіленді

Астанада Құрбан айт күні құрбандық шалатын орындар белгіленді. 21-і мен 23-ші  тамыз аралығында қаланың барлық аудандарында арнайы орындар ашылмақ. Байқоңыр ауданында "Көк базар" маңындағы шаруа қожалығында мал союға рұқсат етілген. Сарыарқа ауданында бұрынғы "Саянұр", қазіргі "Ұлжан" базарында, Алматы ауданында "Метро" сауда үйінде мал сою орындары ашылған. Ал Есіл ауданының тұрғындары құрбандықты Қосшы ауылы маңындағы "Алтын таға" базарында соя алады.

Биыл Құрбан айт мерекесі 21 тамызға белгіленді. Мұны Қазақстан діни басқармасы хабарлады. Астанадағы 9 мешітте айт намазы таңғы сағат 7-де басталады.