$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

AstanaTV
20.08.2018ж. 20:00
3575
Президент Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Өткен 6 айдың ішінде бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион іс қарады. Бүгін Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов президентке есеп берді. Бұл былтырғы жылғы көрсеткіштен жоғары. Қылмыстық іс бойынша 16 302 адам сотталса, олардың 25 пайызы бас бостандығынан айырылды, - деді Жоғарғы сот төрағасы. Жақып Асанов Назарбаевқа экономикалық қылмыстар бойынша қамауға алу 30 пайызға төмендегенін мәлімдеді.

Жақып Асанов, ҚР Жоғарғы сот төрағасы: 

Қылмыстық істер бойныша айтатын жайт, тергеу барысында биыл қамалғандар саны 30 пайызға кеміді. Бұл азаю экономикалық қылмыстар жасағандар есебінен болып отыр. Олар жеке адамға, қоғамға қауіпті емес.