Астанада
мас күйінде көлік жүргізген азаматтардың қатары азаймай тұр. Тек 5 айдың ішінде
ішімдік ішкен жеті жүзге жуық жүргізуші жауапқа тартылған. Десек те, елордадағы
мамандандырылған ауданаралық сотқа мас күйінде көлікті тізгіндеу дерегі бойынша
мыңнан астам іс келіп түскен. Оның ішінде 765-сі бойынша қаулы шығарылған.
Бірақ оның тек жеті жүздейі көлік жүргізу куәлігінен айрылды. Төртеуі айыппұл
төлесе, 72 азамат қамауға алынған. Судьялардың берген ақпараты бойынша, өткен
жылы 19 мыңға жуық жол-көлік оқиғасы болып, 26 мыңнан астам адам зардап шеккен
екен.
Уәлихан
Рахматуллаев, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының
төрағасы:
Ішімдік
ішіп, көлік жүргізген жүргізушілерге қатысты сотқа 1 мың 71 іс түсті. Бұл бап бойынша жыл сайын
жазаның түрі қатаңдатылып келеді. Айыпты деп танылған азаматтарды куәліктен айырып
қана қоймай, 20-дан 45-ке тәулікке дейін қамауға алу қарастырылып жатыр.
Берік
ХАСЕНОВ