Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жамбыл облысында жаңа туған сәбиді көлік терезесінен лақтырып жіберген әйелге қатысты сот шешім шығарды

AstanaTV
27.05.2016ж. 20:00
2107
Жамбыл облысында жаңа туған сәбиді көлік терезесінен лақтырып жіберген әйелге қатысты сот шешім шығарды

Жамбыл облысында жаңа туған сәбиді көлік терезесінен лақтырып жіберген әйел темір торға тоғытылмайтын болды. Ол психикалық диспансерде емін жалғастыра береді. Бүгін атышулы істі қараған облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот Бақытгүл Байсеңгерееваға қатысты осындай шешімді жария етті.

Ғалымжан Нұрлықұлов, Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

ҚР ҚК 99 бабы, 2 бөлігі, 14 тармағымен қылмыс жасағандығы толығымен дәлелденді. Ол кінәлі боп тұрса да, ҚР ҚК 16 бабының талабына сай ол жауапкершіліктен босатуға жатады. Себебі 16 бапта көрсетілгендей, есі дұрыс емес адамға жаза тағайындалмайды. Сондықтан жазылып кеткен жағдай болса, ары қарай жауапкершілікке тартылмайды.

Сотқа айыпталушы қатысқан жоқ. Күйзеліс белгілері табылғандықтан, ол Тараздағы психикалық ауытқуы бар адамдарды емдейтін мекемеге жатқызылған болатын. Ал егер ақыл-есі дұрыс болған жағдайда, 54 жастағы әйел 20 жылға дейін, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға биыл 13 қаңтар күні «Тараз-Ақкөл-Саудакент» тасжолында болды. Талас ауданы, Үшарал ауылының 16 жастағы тұрғыны Тараз қаласына өгей анасымен бара жатып, көлік ішінде босанып қалған. Жаңа туған шақалақты бойжеткеннің шешесі көліктің терезесінен лақтырып жібереді. Салдарынан сәбидің бас-сүйегі сынып, бірден бақилық болған еді.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ