Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қажылық етушілерге ауа райының қолайсыздығы кедергі болмады

AstanaTV
20.08.2018ж. 20:00
2828
Қажылық етушілерге ауа райының қолайсыздығы кедергі болмады

Қатты дауыл мен 45 градустық ыстық қажылықты өтеуге кедергі келтірген жоқ. Сауд Арабиясының Мекке қаласында ауа-райы күрт бұзылып, құмды дауыл соңынан қатты жаңбыр жауғанЕлдің денсаулық сақтау министрлігі мұндай күн райы кезінде қан қысымымен байланысты түрлі аурулар өрши түсетінін ескерткен. Алайда қажылыққа келгендер дүрбелеңге салынбады. Биыл Корольдіктің өзі де келетіндердің денсаулығына қатысты жағдайды жіті бақылауға алды. Төтенше оқиға орын алғанда шұғыл әрекет ету жайын пысықтаған. Науқастанғандар Сауд Арабиясынан кеткенше бақылауда болады. Соңғы мәліметтер бойынша, қажылық сапарын өтеуге әлемнен биыл 2 милллиондай адам келген. Оның 3 мыңы қазақстандықтар.

Абдулла аль-Рабия, Сауд Арабиясы корольдігінің денсаулық сақтау министрі:

Егер адамда қандай да бір ауру болуы мүмкін екенін көрсететін күмән болса, біз, біріншіден, оның жұқпалы емес екеніне көз жеткізгенге дейін оқшауда ұстаймыз. Науқас басқаларға қауіп төндірсе, сәйкесінше, ол адам бүкіл қажылық уақыты кезінде сыртқа шығарылмайды. Яғни оқшауда болады.