Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Бүгін төртінші рет «Ұлы дала еліне саяхат» жобасының тобы жолға шықты

AstanaTV
20.08.2018ж. 20:00
2215
Бүгін төртінші рет «Ұлы дала еліне саяхат» жобасының тобы жолға шықты

Қазақстанның теріскейінде туризмді дамытуға не кедергі? Мұны 16 күннің ішінде саяхатшылар, журналистер және қазақ, орыс тілді трэвел-блогерлерден құралған «Сарыарқа» экспедициясының мүшелері анықтауға тырысады. Бүгін 4-ші рет «Ұлы дала еліне саяхат» жобасының тобы жолға шықты. Олар Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облысының ең қызықты, табиғаты көркем жерлерін аралайтын болады. Ең ұзақ 4595 шақырымдық саяхат барысында топ бұрын-соңды сыры ашылмаған орындардың құпиясына үңіліп, алдағы уақытта туризмге пайдасын білуге талпынады. Туризм индустриясы комитетінің бастамасымен Астананың жиырма жылдығына арналған «Ұлы дала еліне саяхат» экспедициясының алғашқы сапары өткен айдың аяғында басталған еді.

Нұржан Алғашов, «QAZAQ GEOGRAPHY» бірлестігінің жобалар менеджері, экспедиция жетекшісі:

Ең маңызды туристік жерлерін көреміз. Тарихи-мәдени мұрасы бар объектілерді көреміз. Табиғи қорықтарын аралаймыз. Соның бәрін көріп, фото-видео материалын жасап өздеріміздің туристік потенциалын көтеру үшін, қандай жұмыстар, шаралар жасау керек екенін жазып, қазақ туризм ұйымына ұсынамыз.  

Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ, Астана телеарнасы