Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстандық семсерші Азиадада алтын қанжығалады

AstanaTV
20.08.2018ж. 20:00
2545
 Қазақстандық семсерші Азиадада алтын қанжығалады

Индонезияда басталған Азиада ойындарының алғашқы күні Қазақстан қоржыны 4 медальмен толықты. Семсерлесуші Дмитрий Алексанин алтын қанжығалады. Ол жүлдені 15:12 есебімен оңтүстіккорейлік Олимпиада чемпионынан жұлып алды. Спортшы жеңісін Қазақстан халқына және Денис Тенге арнағанын мәлімдеген. Еркін күрестен 74 келі салмақта Данияр Қайсанов күміс медаль еншіледі. Ал 65 келі салмақтағы Саятбек Оқасов пен Әділет Давлумбаев Қазақстан қоржынына қола жүлде салды. Ал сайыстың екінші күні жерлестеріміз 2 медаль алып қуантты. Балуан қыз Жұлдыз Эшимова мен таэквондошы Фариза Алдоңғарова қола жүлдені қанжығаға байлады. Біздің құрама команда медальдар саны бойынша жалпы есепте 9-шы орында тұр. Айта өтейік, Индонезиядағы жазғы Азиада ойындары 18 тамызда басталды. Сайыстар Джакарта мен Палембангте өтіп жатыр. Оған Қазақстаннан 440 спортшы аттанды.