$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Азиада-2018 ойындарынан Қазақстан қоржынына 13 медаль түсті

AstanaTV
22.08.2018ж. 20:00
3031
Азиада-2018 ойындарынан Қазақстан қоржынына 13 медаль түсті

Индонезияды өтіп жатқан Азиада-2018 жазғы ойындарында Қазақстан қоржынына 13 медаль түсті. Грек-рим күресінен қазақстандық Алмат Кебісбаев күмісті олжалады. 67 келі салмақтағы спортшы екі дүркін әлем чемпионы және Азиада-2014 жеңімпазы оңтүстікореялық Рю Хан Суға сәл ғана есе жіберіп алды. Ұпай 5:4. 30 жасар Алмат Кебісбаев Азияның екі дүркін чемпионы. 4 жыл бұрынғы Азиадада ол үшінші орынды қанжығалаған еді. Алматтың жүлдесі - Қазақстан қоржынына түскен 13-ші медаль. Әзірге алтынды семсерші Дмитрий Алексанин ғана иеленді. Ал күміс бесеу, қола жетеу.

Айта кетейік, Қазақстан алтын алған спортшыларға 10 мың доллар, күміске 5 мың, ал қола үшін 3 мың доллар қаржылай сый тағайындаған. Жалпы есепте Азия елдері алғашқы орындарда. Ол Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея.