$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

AstanaTV
23.08.2018ж. 20:00
2548
Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті

Азиада-2018 жазғы ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті. Оны солтүстік қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко салды. 150 шақырымдық жекелей жарыста қазақстандық спортшы жапон және тай шабандоздарымен иық тіресе келіп, озып шықты. Халықаралық деңгейдегі спорт шебері бұған дейінгі Азиадада чемпион атанған болатын.

Алексей Луценко, Азиада-2018 алтын медаль иегері:

Әсерімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Қолдағандардың барлығына рақмет. Қазақстан қоржынын алтын медальмен толықтырғаным үшін қуаныштымын.

Академиялық ескек есуден қазақстандық Александра Опачанова қола медаль иеленді. Қайыққа жалғыз мінген ол 8 минут 19 секундта жетті. Бірақ тайпей және қытай қыздары алтын мен күміс алуға жеткізбеді. Таэквондошы Ерасыл Қайырбекке де қола бұйырды. Тай және малайзия спортшысын айқын жеңген қазақстандық кореялық спортшыдан 10:32 есебімен ойсыра жеңіліп, автоматты түрде үшінші орынға түсіп қалды. Ал бұған дейін Азиадада екі рет алтын алған грем-рим күресінің палуаншысы Нұрмахан Тінәлиев күміс иеленіп қалды. Ал 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин қола жүлде иеленді. Ол мәреге алтын алған қытайлық қарсыласынан 12 секундқа, сингапурлық спортшыдан 8 секундқа кешігіп жетті. Қазақстан жалпы есепте 2 алтын, 6 күміс, 16 қола медальмен 12-ші орында. Алғашқы орындарда Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінің спортшылары келеді.