$473.15 €515.12 ₽5.4
×

Президент жұмыс сапарымен Атырау қаласына барды

AstanaTV
23.08.2018ж. 20:00
2601
Президент жұмыс сапарымен Атырау қаласына барды

Мұнай өндірісінде жаңа технология мен заманауи әдіс-тәсілге көшуі керек. Атырау облысына жұмыс сапарымен барған президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. Мемлекет басшысы өңірдегі бірқатар кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралап, облыстың даму мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Сейчас идет цифровизация. Это новое дело. Но он сопровождается  сокращением многих профессий. Сейчас идет к тому, что человек за жизнь должен поменять несколько профессий. Поэтому развивать частный бизнес очень тоже важно. "Ембімұнай газ". У вас очень современное предприятие.

Президент нан және макарон өнімдерін шығару жөніндегі цехты аралап көріп, осы жерде өндірілетін дайын өнім үлгілерімен танысты. Сондай-ақ қуаты 52 мегаватт болатын жел электр станциясы, фармацевтика зауыты, қысымды өлшеуге арналған құрылғылар шығаратын зауыт, құс фабрикасы, аумағы 20 гектар болатын жылыжай және басқа да жобалармен танысты.