$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Мәулен Әшімбаев ШҚО-дағы тұрғын үй жобасымен танысты

AstanaTV
24.08.2018ж. 20:00
2772
Мәулен Әшімбаев ШҚО-дағы тұрғын үй жобасымен танысты

"7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Шығыс Қазақстан облысында айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр. Мұны аймаққа жұмыс сапарымен барған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев айтты. Ол алдымен тұрғын үй бағдарламасына қатысып, жақында баспаналы болатындарды құттықтады. Өңірдің кәсіпкерлері мен ұстаздары және қоғам қайраткерлерімен өткен кездесуде Елбасының «5 әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру мен партияның жаңа жобалары туралы да сөз болды.

Дамир Әбілдиновтің отбасы қыркүйек айында қоныс тойын тойлағалы отыр. Металлург маманның бұл алғашқы пәтері. «7-20-25» бағдарламасы жас жанұялар үшін өте тиімді дейді ол.

Дамир Әбілдинов, Өскемен қаласының тұрғыны:

"7-20-25" бағдарламасы қазіргі жастарға өте ыңғайлы, өте жақсы мүмкіншіліктер беріп отыр. Өйткені жылдық есептемесі аз. Алғашқы соммасы азайтылған. Бұрын 30 пайыз болса, қазір 20 пайызға төмендетілген. Бұл бағдарлама үшін Елбасына рақмет.

Бүгінгі таңда өңірде «7-20-25» бағдарламасы бойынша 431 пәтер қоныстанушылар үшін дайын тұр. Ал жыл соңына дейін тағы 798 баспана беріледі деп жоспарлануда. Банк өкілдерінің айтуынша, бастысы бағдарламаға қатысушылар рәсімдеуге тиын да төлемейді. 

Владимир Бутаков, "Центркредит банкі"  АҚ өкілі:

Егер де ипотека стандартымен салыстырсаңыз, 2 есе арзанырақ аласыз. Комиссия мүлдем жоқ. Тіпті ақша аударымы мен қызмет көрсету де тегін.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары тұрғын үй құрылысын дамыту жобасымен де танысты. Өңірде салынатын көп қабатты үйдің құрылысына  477 гектардан асатын жер учаскелері бөлінген. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары мен әзірленіп, инфрақұрылым мәселелері шешіліп жатыр. 

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

Осы бағдарлама бойынша біздің азаматтардың сатып алып жатқан үйлерін жаңа көрдік. Үйлердің барлығы өте жоғары деңгейде салынған. Ішіндегі ремонты бәрі өте жақсы жасалған. Сондықтан осы бағдарламаның аясында азаматтарымыз өте жоғары, сапалы пәтерлерге қол жеткізіп жатыр деп айта аламыз. Соны біз көрдік. Сондықтан Елбасының «7-20-25» бағдарламасы халықтың көңілінен шығып, пәтері жоқ азаматтардың баспана мәселесін шешуге мүмкіндік туып отыр.

Өңірге сапары барысында Мәулен Әшімбаев ұстаздардың тамыз конференциясына да қатысты. Заманауи жабдықталған сыныптармен танысты. Жаңа оқу жылынан бастап облыстың барлық мектептерінде 277  IT-сыныптар жұмыс жасайтын болады. Әшімбаев жастардың білім деңгейін арттыруға бағыттылған басқа да жаңа партиялық жобалар туралы кеңінен айтты. 

Ғалия МҰХАМБЕТҚЫЗЫ