Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Әскери жағдайда жылжымайтын мүлікті қағаз жүзінде тіркеу енгізілуі мүмкін

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
2590
Әскери жағдайда жылжымайтын мүлікті қағаз жүзінде тіркеу енгізілуі мүмкін

Қазақстанда некеге тұру және жылжымайтын мүлікті алып-сатуды рәсімдеу қағаз жүзінде іске асырыла беруі мүмкін. Елде әскери жағдай енгізілсе, осыған рұқсат берілмек. Мұндай өзгеріс заң жобасында қаралған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлайды. Әзірге құжат талқылану үстінде. Алайда, әскери жағдай енгізілсе, жеке тұлғалардың дерек-қоры бар  мемлекеттік база істен шығуы мүмкін. Сондықтан рәсімдеу қағаз жүзінде екеуара жүргізіле береді. Мұндайда кәсіпкерлер мүддесіне де қауіп төнуі мүмкін. Егер бұл өзгеріс күшіне енсе, "Ақпаратқа қолжетімділік", "Неке және отбасы", "Кәсіпкерлік кодекс" және тағы басқа да заңдарға өзгеріс енгізіледі. Жаңа ережені түсіндіру үшін Қорғаныс министрлігіне сауал жолдадық. Жақын күндері жауабымен бөлісетін боламыз.