$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алғашқы электрондық денсаулық паспорты биыл желтоқсанда пайда болады

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
2138
Алғашқы электрондық денсаулық паспорты биыл желтоқсанда пайда болады

Биыл желтоқсаннан бастап алғашқы электрондық денсаулық құжаты енгізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл азаматтың туғаннан бастап, өмір бойғы оның денсаулық жағдайын электрондық жүйе арқылы үздіксіз жүргізуге мүмкіндік береді. Аталмыш сандық құжат әзірленіп жатқан «Халық денсаулығы жəне денсаулық сақтау жүйесі» жаңа кодекс жобасының шеңберінде енгізбек.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі:

Медициналық мобильді қосымшалар мен цифрлық технологиялар сізге қашықтықтан, дәл уақытында адамның жағдайын бақылап, жеке электронды жазбаларды жазып алуға мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау кодексінің жаңа жобасында электрондық денсаулық сақтаудың негізгі құқықтық тармақтары айқын көрсетілетін болады.