Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы күшіне енді

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
2907
АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы күшіне енді

Бүгін АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциясы күшіне енді. Оған Скрипаль мен оның қызының Солсбериде улануы себеп болып отыр. Рейтерстің хабарлауынша, алғашқы құжат Ресейге сыртқы көмек беру мен қару-жарақ сатуды шектейді. Енді Мәскеудің қаруды сатпақ түгелі, сатып алуы да қиындайды. Айта кетейік, Ресей қару-жарақты Үндістан, Египет, Вьетнам, Қытай және Алжирге экспорттайды. Ал шетелден әскери әуе техникалары мен ұшқышы жоқ және ұшу аппараттарын импорттайды.  Оған қоса АҚШ-тың мемлекетік құрылымдарына Ресейге қандай да бір несие беруге тиым салынады. Үш айдан соң санкциялардың екінші толқыны күшіне енеді. Ол бұдан бетер. Екі ел арасында экспорт пен импорт шектеледі. "Аэрофлоттың"  АҚШ-қа мұхит асып ұшуына да тиым салынады. Кей сарапшылар санкция америкалықтарды ішкі проблемадан алшақтату үшін әдейі енгізілді деп есептейді.

Павел Фелгенгауэр, сарапшы: 

Трамптың тактикасы осындай. Ол басында қорқытады, сосын келісімге келуге тырысады. Содан соң оны Америка қоғамына өз жеңісі ретінде паш етеді. Шын мәнінде ол Ресеймен, Путинмен мәмілеге келеді. Кейін оны Солтүстік Корея президентімен болған кездесуі сияқты көрсетеді.