Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырау облысына зымыран құлады

AstanaTV
27.08.2018ж. 20:00
3206
Атырау облысына зымыран құлады

Атырау облысы аумағына құлаған зымыран қалдығының кімге тиесілі екені әлі белгісіз. Темір бөлшектері өткен аптада Құрманғазы ауданындаға екі жүздей адам тұратын елді мекеннен 5 шақырым жерге құлаған. Қалдықтың ұзындығы 8 метрдей. Маркасы да белгілі. Тұмсықпен түскен «Стриж» зымыраны. Отқа оранған темір бөлшектерден сол аумақта өрт шығып, қызыл жалын 4 гектар аумақты шарпыған. Аудан әкімдігі болған жағдайды жоғарыға хабарлапты. Абырой болғанда, мал-жан аман.

Бибоз Шаяхметов, Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі:

Орысша жазылған, білмеймін енді, қай жақтан кім атып тұрғанын ракетаның. Ешкім хабарласпай отыр. Ресейден де хабарласпай отыр. Енді тиісті органдар шығатын шығар. Өрт шыққасын барды ғой жігіттер. Өрт сөндіргенде 4 гектардай жер өртенді. Ішінде ракета жатыр. Барлық органдарға хабарладық. Оцепление жасадық. Сосын кеше емес, алдыңғы күні ұлттық қауіпсіздік комитетінен арнайы мамандар келіп машинамен, взрывать етіп, залалсыздандырып кетті.