$518.97 €607.3 ₽6.64
×

Өскемендік дәрігерлер перзентханалары мен балалар үйлерінде бэби-бокс орнату қажет деп отыр

AstanaTV
27.05.2016ж. 20:00
1535
Өскемендік дәрігерлер перзентханалары мен балалар үйлерінде бэби-бокс орнату қажет деп отыр

Бейкүнә сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін, перзентханалар мен балалар үйлеріне бэби-бокстар орнату керек. Өскемендік дәрігерлер осылай деп отыр. Соңғы кезде жаңа туған нәрестесін дәретханаға лақтырып немесе қоқысқа тастап кету оқиғалары жиілеп кетті. Жас аналар баласынан құтылудың алуан амалын ойлап табатындығы алаңдатарлық,- дейді ақ халаттылар. Халықаралық тәжірибеде бұл бэби-бокстар шақалақтың аман қалуына үміт сыйлайды. Ал сәбиінен жеріген аналар үшін ол аноним қалуға кепілдік береді.

Гүлнәр Даниярова, Өскемендегі мамандандырылған сәбилер үйінің бас дәрігері:

Тірі баланы тастап кету деген сұмдық жағдай. Өкініштісі, соңғы уақытта мұндай оқиғалар жиілеп кетті. Біз көрші Ресейдегі секілді елімізде бэби-бокстар қоюды ұсынамыз. Неге балалар туған анасының қолынан өлуі тиіс?! Ана сәбилерді көрді, құтқарып алды. Ал көрмеген, білмеген жағдайлар қаншама, кім білсін?!

Балаларын далаға тастап кету сияқты жағаны ұстататын оқиғалардың артып бара жатқаны және оның себеп-салдары туралы арнайы материалды ертең 20.00-де «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан көре аласыздар.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ