Қостанайда
Қобыланды батырға ескерткіш орнатылды.
Баһадүрдің қола мүсіні қаладағы тоғыз жолдың торабына қойылды. Тайбурылын тақымдап, көк сүңгілі найзасын
қолға алған Қобыланды батыр шаһардағы Герцен және Киев көшесінің қиылысында тас
тұғырға қонды.
Атап
өтейік, Қостанай қаласында бұндай ескерткіш болған емес. Еңселі
ескерткіш авторлары - еліміздің танымал сәулетшілері Әбдікәрім мен Әбдімүтәліп
Ахметовтер. Қос сәулетші Қобыланды батырдың қайталанбас тұлғасын, қайтпас
қайсарлығын, өрлігі мен ерлігін шынайы
бейнелеп берген. Орта ғасырдағы Алтын Орда, Ноғай Ордасы дәуірінің аса көрнекті
тұлғасына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына батырдың ұрпақтары да
қатысты.
Ақылбек
Шаяхмет, ақын:
Исі - қазақтың бас батыры. Кешегі қазақ
хандығының құрылуына ұйытқы болған батыр. Ұрпаққа өнеге, біздің елімізді,
жерімізді қорғаған. Досқа ес, дұшпанға
сес болған батырға орнатылған ескерткіш.
Заңғар САНАЙ