Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шымкентте зообаққа кіру құны 21 теңге 21 тиын

AstanaTV
27.05.2016ж. 20:00
1705
Шымкентте зообаққа кіру құны 21 теңге 21 тиын

Шымкентте хайуанаттар бағына кіру ақысы бар болғаны 21 теңге 21 тиын. Сондықтан аң-құстарды көзбен көріп, қызықтауға келушілердің қарасы қалың. Олардың арасында бағаның арзандатылғанын естігені де, естімегені де бар. Бұған дейін балалар 300, ересектер 500 теңге төлеп келген. Ата-аналар мұны тосын сыйға балады.

Гүлжамал Қожатаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

500-600 теңге әр адам басына солай болады деп ойладым. Тосын сый болғаннан өте таңқалып қуанып жатырмыз.

Бағадағы өзгеріс келушілерді қуантқанымен, зообақ қызметкерлері тақырға отырамыз деп қорқады. Өйткені зообақтың коммуналдық төлемдері 100 пайыз келушілерден түскен табыс есебінен жабылады екен. 1 ай бұрын енгізілген өзгеріс уақытша болуы мүмкін. Алдағы мәслихат сессиясында нақты баға белгіленбек. 

Назым Туйчиева, «Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы» МКҚК есепшісі:

21 теңге 21 тиын дегеннің өзі - бұл салық мөлшерлемесі. Соны төлейміз де, біз тек қана артқа қарай кетеміз. Бұл бізге пайда алып келмейді, шығынға кетеміз. Ал ол біздің қаражаттарымызды жаппайды. -Не қаражат? -Азық-түлікке ақша жетпей қалады. Қазіргі бізге беріліп жатқан субсидиялар есебінен біз 8 айға ғана қаражатымыз жетуі мүмкін. Ал бірақ одан қалғанын жеткізе алмаймыз. Медикаменттерге, азық-түліктерге жетпейді, коммуналкаларға жетпейді.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ