$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы Конституция күніне орай қайырымдылық шараларын өткізді

AstanaTV
29.08.2018ж. 20:00
2997
«Нұр Отан» партиясы Конституция күніне орай қайырымдылық шараларын өткізді

«Нұр Отан» партиясы Конституция күніне орай екі қалада қайырымдылық шараларын өткізді. Алматыда партия мүшелері «Хэппилон» ойын-сауық саябағында балалар үйінің жеткіншектері мен көп балалы отбасы бүлдіршіндері үшін мереке ұйымдастырды. Жас қонақтар үшін төлем қабылдайтын терминалдар ажыратылды. Яғни ойын-сауық тегін болды. Олар аттракциондардан басқа, аниматорларлық ойындар мен сайыстарға қатысып,  бағалы сыйлықтарға ие болды.

Алмажан Бақтұразова, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:

Біз осы жерге 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларды жинадық. Ойын-сауық бағдарламасы өзгеше. Балалар аниматорлармен ойнап жүргенде, олар ертегіде жүргендей әсер алды. Түрлі ойындар ұйымдастырып отырмыз. Балаларға өте қатты ұнайды. Олар өздерін жақсы сезінеді. Бұл біз үшін маңызды. Сондай-ақ, көп балалы отбасыларды мектепке қажет заттармен қамтамасыз етіп жатырмыз.

Сондай-ақ, Астанада «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері болашақ заңгерлерге Конституциялық кеңес мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. Осылайша, жастарды еліміздің Ата заңын терең түсінуге, құқықтық сауаттылыққа тәрибелеуге өз үлестерін қосты.

Данияр Сүндетбаев, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы:

Мақсат - жастардың заңгерлермен, осы Конституция бойынша жұмыс істеген азаматтармен кездесу. Негізі ол біздің Ата заңымыз. Бүкіл біздің мемлекетімізде болып жатқан реформалар біздің Конституцияға байланысты. Өйткені ең басты қағидаларымыз осы Конституцияда жазылған.