Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ЕАЭО-қа долларға тәуелсіз ортақ валюта керек - Қоңыров

AstanaTV
03.09.2018ж. 20:00
2966
ЕАЭО-қа долларға тәуелсіз ортақ валюта керек - Қоңыров

Біздің депуттар да долларға тәуелсіз ортақ валюта керек деп есептейді. Депутат Айқын Қоңыров Еуразиялық экономикалық одақ елдері жақын арада осыны қолға алуы тиіс дейді. Жаңа саяси маусымның ашылуы кезінде президент те қазір алай-дүлей кезең екенін еске салды. Тұрақсыз геосаяси ахуал, санкциялар соғысынан экономиканы қорғау үшін, шешуші қадамдар қажет екенін ескерді. Осы орайда каникулдан келген депутаттардың пікірін Мөлдір Бақыт-қызы  біліп қайтты.

Ауылдағылар теңге мен доллардың айырмашылығына қарап отырған жоқ. Олардың көңілін алаңдататын басты мәселе - малдың жайылымы мен өнімдерінің өтінімі.

Депутаттар да каникулда ауылдағы ата-әжесіне асығатын оқушылар іспетті. Бірден шалғайдағы сайлаушыларға тартады. Алматы облысының түкпір-түкпірін аралаған Омархан Өксікбаев ауыл адамдарының «бас ауруын» біледі.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Ауылда өткенде бақша егіп жатыр. Бір келісін 10 теңгеден сатып отыр. Сіз Астанадан оны 100 теңгеге сатып аласыз. Ортадағы делдалдарға 70 теңге кетіп жатыр. Осы оларды алаңдатады.

Азық-түлікті ауылдан қалаға жеткізу реттелмесе, ішкі сұранысты отандық өніммен қамту туралы айту артығырақ. Онда импорттан құтылмайсың. Импорт дегенше, бөтен валютамен есептесу дей бер. Перуашев Үкіметке отандық өндірісті дамытпаса, жағдай өзгермейді деп "ұрысып" та айтты.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Ақ жол" фракциясының жетекшісі:

Біз өзіміздің өндірушілерімізді дамытып, өз нарығымызды өзіміз қамтуымыз керек. Егер мұны шешпесек, өмір бойы, не долларға, не юаньға, не рубльге қарап отырамыз.

АҚШ-пен Ресей арасындағы санкциядан шикізатты өткізу де қиындайды. Ресейлік ірі алюминий зауыты "Русал" акционері Олег Дерепасқа Ақ үйдің қара тізіміне ілікен соң, компания АҚШ-қа алюминий экспорттай алмайды. Ал біз жылына Павлодардан  "Русалға" 1 млн тонна глинозем жібереміз. Енді оны өткізетін басқа нарық тапасса, елдегі "Еуразиялық топ" тығырыққа тіреледі. Олармен бірге мыңдаған жергілікті жұмысшылар қиналып қалуы ықтимал.

Альберт Рау, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Президент "Еуразиялық топқа" бірнеше жыл бұрын ескерткен. Бүгінде 250 мың тонна алюминий өндіреміз. Біз бұдан үш есе артық өндіре аламыз. Сондықтан бұл жерде Қытайға қарамай, отандық өңдеуші зауытты өзіміз салуымыз керек. Өз алюминийімізді өзіміз шағыруымыз қажет.

Ал жазда өзіне қарасты Зеренді ауданын аралап қайтқан Айқын Қоңыров Түркия президентін толдық қолдайды. Ердоған секілді доллардан бас тартуды ұсынды. Былтыр бұған қатысты алғышарт та жасалған дейді.

Айқын Қоңыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Халықтық коммунистер" фракциясының мүшесі: 

Бұл мәселені Еуразиялық экономикалық одақ аясында, өңірлік деңгейде шешу керек.  Бір кездері мемлекет басшысы Еуразиялық одақ шеңберінде өзара есептесетін "Алтын" деген  дербес валюта ензізуді айтқан. Бізге тәуелсіз ақша-қаржы саясаты қажет.

Жаңа саяси маусымның шымылдығын түрген президент Үкімет пен Парламентке бар жағдайды бір сөзбен түсіндірді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Мы живем с вами в очень бурное время. Нам предстоит принять более решительные меры. Это будет сказано в ближайшее время в моем Послании народу. Торговые войны, которые идут, изменения в геополитической ситуации в мире и вокруг нас, внутри нас, технический прогресс, над которым мы работаем - все это ставит совершенно новые задачи во всех отраслях экономики.

Ендігі міндет алай-дүлей кезеңнен қалай да аман шығу.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ