Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Режеп Тайып Ердоған доллардан тағы да бас тартуға шақырды

AstanaTV
03.09.2018ж. 20:00
2598
Режеп Тайып Ердоған доллардан тағы да бас тартуға шақырды

Саммит алаңында түрік басшысы сыртқы саудада доллардан бас тартуға тағы шақырды. Ақ үйдің шектеулері Анкарадағы жағдайды күрт өзгертті. АҚШ тарапынан талап етілген міндеттер түрік лирасының күрт құлауына әкелді. 10 тамызда түрік валютасы 20%-ға құлдыраған. Түркия президентінің бастамасын Иран мен Ирак билігі де іліп әкетті. Енді екі ел  еуро, ирандық риал және ирак динарымен есептеседі. "Кейбір жағдайларда тараптар бартерлік жолмен айырбас жасасады", - деп хабарлайды  Рейтерс.

Режеп Тайып Ердоған Түркия президенті:

Долларға есептесуге міндеттелген халықаралық сауда-саттық біртіндеп үлкен проблемаға айналуда, доллардың үстемдігін тоқтату керек. Америкалықтар "жабайы қасқырлар" сияқты. Оларға сенбеңіздер. Долларды пайдалану бізге кері әсерін береді. Біз берілмейміз, біз жеңеміз!