$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбылда ашық жарасы асқынған әжейдің қарны ақтарылуға шақ

AstanaTV
04.09.2018ж. 20:00
3978
Жамбылда ашық жарасы асқынған әжейдің қарны ақтарылуға шақ

Ал Жамбылда жарасы асқынған әжейдің іш құрылысы іріңдеп жатыр. Науқас ауруының асқынуын дәрігерлерден көреді. Бір ай бұрын қан қысымы көтеріліп құлап қалған Баян әжей қарнын жарып алған. Жамбыл аудандық аурухана дәрігерлері дабыл қағатындай дәнеңе жоқ деп тілінген жарасын тігіп бермеген. 2 аптадан кейін ашық жарасы асқынған Баян Қалменова жедел жәрдеммен облыстық ауруханаға түседі. Ондағылар іріңдеп кеткен оймақтай жараны ота арқылы ойып алады. Операциядан кейін аймақтық ауруханада алты күн жатқан науқас қазір үйіне шығарылды. Ашық жарасы асқынғаны сонша, іш құрылысы ақтарылып қалатындай күйге жеткен.

Баян Қалменова, Қызыл дихан ауылының тұрғыны:

Айтты болды деп. Тікпейміз деп. Бара беріңіз деді. Мен осылай өңірейіп жүре берем ба десем, уайымдамаңыз өзі бітеді деді. Бітпейді қайдағы? Қарным қандай болып жатыр. Мінекей міне, ішек қарын бәрі көрініп тұр.

Баян әжейге ота жасаған облыстық аурухананың "шығу анықтамасында" жараның іріңдегені айтылған. Адам көргісіз жараны аудандық аурухана дәрігері өзі бітпей жіппен тікпейміз деген. Әжейге, жарасы жазылғанша бақылауда болу керек деп, кеңес береді. 

 Атамбай Досмұхан, Жамбыл аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері:

Бізге келген күні 13 күні, мен оны анық білемін, ешқандай ірің болған жоқ. Бірақ қарайған тіндер болды. Мен түсіндіріп айттым. Қарайған тіндерді жақында аламыз. Кішкене перевязка жасап, шекарасы анық болсын деп.