Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жәндік шағып қайтыс болған келіншектің оқиғасынан кейін №1 қалалық ауруханадан барлық препараттар тәркіленді

AstanaTV
04.09.2018ж. 20:00
1951
Жәндік шағып қайтыс болған келіншектің оқиғасынан кейін №1 қалалық ауруханадан барлық препараттар тәркіленді

Астанадағы атышулы №1 перезентхананың бас дәрігері төртінші ана өлімі тіркелген соң, өз еркімен жұмыстан кеткен. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы мәлімдеді. Алайда мұндай қатаң шара мәселені шешуге көмектескен жоқ. Осы перезентханада соңғы үш айда осымен бесінші ана бақиға аттанды. Алдын ала болжам бойынша, жүкті әйел қан тамырларына бөгде заттардың енуінен қайтыс болған. «Мұндай диагнозбен тек 10-20 пайыз жағдайда ғана аман қалады», - дейді дәрігерлер. Нәресте жасанды жолмен босандырылып аман қалды.

Әлия Рүстемова, Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

Үш жағдай еш шарасыз, бірі, яғни екінші жағдайда, шартты деп танылған. Бұл ресми қорытынды. Шартты деп отырғанымыз - бұл медициналық қызмет көрсету кезіндегі олқылықтар. Алайда, олардың босанушы өліміне тікелей әсері жоқ.

Ал белгісіз жәндік шағып жан тапсырған келіншектің оқиғасынан кейін №1 қалалық ауруханада барлық препараттар тәркіленді.

Марқұмды қабылдаған  токсиколог-дәрігердің айтуынша, әйел аллергик көрінеді. Ол ауруханаға жатудан бас тартқан. Сондықтан сырқатты өршітпеудің амалы ретінде супрастин мен кеторол ампулаларын және 30 милиграмм преднизолон дәрісі егіліпті. Содан соң, науқас тіл тартпай кеткен. Бастапқы диагнозы - «анықталмаған шок».

Марат Абдуов, Астананың №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері:

Бұл ампулалардың барлығы сол мезетте тәркіленді. Бірден тергеу тобы, криминалистер шақырылды. Барлық қатысқан қызметкерлер тергелді. Осы сериялы дәрілерді біз қолданыстан алып тастадық. Сол түні осы оқиғаға қатысты арнайы комиссия да құрдық. Жеткізуші бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация».

Еске салайық, осыдан төрт күн бұрын Астанада 28 жастағы келіншекті көзінің тұсынан жәндік шағып алып, ісіп кеткен. Қалалық ауруханаға барып, екпе салдырған марқұм сыртта күтіп отырған бала-шағасы мен күйеуіне сол күйі шықпады.