Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ұлттық музейде «National Geographic» журналының таңдаулы 50 суреті көрмеге қойылды

AstanaTV
27.05.2016ж. 20:00
1403
Ұлттық музейде «National Geographic» журналының таңдаулы 50 суреті көрмеге қойылды

Әлемді өзгерткен үздік 50 сурет. Бүгін ұлттық музейде «National Geographic» журналының таңдаулы 50 суреті көрмеге қойылды. Ол Қазақстанда шыға бастаған «National Geographic Қазақстан» журналының тұсаукесері ретінде ұйымдастырылды.

Көрмеге Стив Маккарридың әйгілі «Ауған қызы» суретінен бастап, Джейн Гудоллдың таңғажайып кадрлары, Томас Аберкромбидің 1965 жылы түсірілген Қағбаның суреті ілінді. Сонымен қатар Эмори Кристов 4022 метр тереңдікте 10 000 ваттық жарықпен түсірген атақты «Титаник» кемесі де орын алды.

«National Geographic» 1954 жылғы санында "Ең қастерлі көш" деген атпен Қытайдан Қазақстанға қоныс аударған қазақтардың суреті жарық көрген. Журналдың елдегі редакциясы сол суретте бейнеленген 20 жастағы қызды тауып алған. Ата қонысына көшіп келген Фазила Жаналтай бүгінде 80-нен асқан әже. Көрменің ашылуына құрметті қонақ ретінде шақырылған. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ