$494.87 €520.65 ₽4.91
×

АЭФ –нан комментарийлер мен пікірлер

AstanaTV
28.05.2016ж. 20:00
2359
АЭФ –нан комментарийлер мен пікірлер

Астана экономикалық форумынан мынадай комментарийлер мен пікірлер: Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ аясында адам капиталын дамытатын қор құруды ұсынды. Қордың қаржысын кедей, дамушы елдердегі білім мен денсаулықты жақсартуға бағыттау үшін. Ал ақша қайдан дегенге келсек, оффшорларға тығылған долларларға салық салу арқылы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бүгінде әлемдік сарапшылардың бағалауынша, офшорлардағы есеп-шоттарда 30-40 триллион доллар сақтаулы. Осы активтерге тек бір пайыз жаһандық салық салу арқылы, дамып келе жатқан елдердің білім мен денсаулық жүйесін жаңа деңгейге шығаруға болар еді. Осы салықтан түскен қаржыны мен ұсынған адам капиталын дамыту қорына аударуға болады. Халықаралық валюта қоры мен дүниежүзілік банк жаһандық экономиканы офшорсыздандыру бойынша тиімді шаралар ұсына алады деп ойлаймын.

Президенттің бұл ұсынысы залдағы шетелдік меймандар тарапынан қолдау тапты. Кейбірі тіпті осы бастаманы өміршең ету жолында құлдыққа дейін баратынын айтты.

Джеффри Сакс, Колумбия Университеті Жер институтының директоры:

Президент мырза, сіздің жаһандық қор құру туралы ұсынысыңыз өте дұрыс. Білім мен денсаулықтың жаһандық қоры әр адамға базалық медициналық көмек пен негізгі білім алуға мүмкіндік берер еді. Ондай қор әлі жоқ, әлемде. Оффшорлық жұмақ туралы айтсақ, 30 трлн доллар сақталып тұрса, бір пайыз салықтан жылына 300 млрд. түсер еді. Осы ақшаны кедейлерге медициналық көмек пен білім беруге жұмсасақ, мәселені шешуге болады.  Сондықтан, Президент мырза осындай керемет бастамаңыз үшін рахмет. Мен осы проблеманы шешуде сіздің құлыңыз болуға дайынмын.

Медицина демекші, форум барысында медицинамен байланыстырылған кеңес те берілді.

Айхан Косе, Дүниежүзілік банкі экономикалық  перспективалар тобының директоры:

Мен терапевт дәрігеріме барсам, маған өзіңіздің денсаулығыңызды күту керексіз, жаттығулар жасау керек, дұрыс тамақтанып, дұрыс ұйықтау қажет деген кеңес береді. Келесі жылы барсам, ол тағы да сондай кеңес айтады. Ал жаһандық экономикаға келсек, 2009 жылғы дағдарыстардан ол инфаркт алды. Оның әсері әлі тиіп жатыр. Өндірістің төмендігі әлі көтеріліп кеткен жоқ. Құрылымдық реформа керек. Науқас адам терапевтің айтқанын тыңдап, емделгендей, экономикада да сондай. Құрылымдық реформа жасай отырып, елдің экономикасын сауықтыруға болады.  

Кристин Лагард, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры:

Реформаларды жүзеге асыру қашанда қиын. Кез келген жағдайда халыққа түсіндіру керек. Бастысы барлық тараптар сол реформаның мақсатын түсініп, нәтижелі болатынын елестете алу үшін, диалог ұйымдастыру қажет.

 Бір қарағанда қияли болып көрінетін пікірлер да айтылды. Жаңа тоқталған Джек Ма:

Джек Ма, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы:

Бүгінгі озық технологиялардың арқасында, алдағы 30-40 жыл ішінде адамдар денелерінің кодын ашып оқи алады. Біз ұзақ өмір сүретін боламыз. Рак мәселесін шешеміз. Және болашақта бір де бір адам 200 жылдан астам өмір сүрмесін деген заң шығуы мүмкін. Келешекте байлар көп болады. Қазақстанға Дүниежүзілік Сауда Ұйымына қосылу үшін 20 жыл кетті. Ал мен өз компаниямды құрып, өз пәтерімнен осы жерге жету үшін 17 жыл ғана жұмсадым.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Господин Джек Ма говорил что, за 17 лет создал великолепную, чудесную историю развития Алибаба, а я хочу сказать что, я за 17 лет с нуля построил эту столицу которую вы видите.