$494.87 €520.65 ₽4.91
×

2019 жылдан бастап еліміздің барлық дәріханаларында дәрі бағасы бақылауда болады - Денсаулық сақтау министрлігі

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2948
2019 жылдан бастап еліміздің барлық дәріханаларында дәрі бағасы бақылауда болады - Денсаулық  сақтау министрлігі

Ал келесі жылдан бастап қазақстандықтар дәрі бағасынан айтарлықтай айырмашылық байқамайтын болады. Яғни бір дәрінің бағасы барлық дәріханаларда  бірдей болмақ. Жаңа ережеге сәйкес, отандық фармацевтикалық нарықта дәрілерге қойылған бағалардың бірыңғай тізілімі болады. Ал бағаның белгіленген құнынан асырып сататындар үшін айыппұл салынбақ. Әзірге құзырлы министрлік тек мемлекет көмегімен жүзеге асатын дәрілерді сатып алу нарығын ғана реттеп отыр. Заң жобасын мақұлданған соң, әр қазақстандық дәрі-дәрмектерге қойылған бағаны бақылау мүмкіндігіне ие болады, себебі деректер базасы ғаламторға жарияланады.

Алексей Цой, ҚР ДСМ  министрінің орынбасары:

Жаңа заң жобасынан кейін дәрі бағасын шамадан тыс 80%, 200%, 300% пайызға көтеретін компаниялардың ісіне тосқауыл қойылады. Қазір олардың баға қою ісіне ешкім арласпайды, компанияларға бағаны аспандатып жібердіңдер деп, ешкім шектеу қоя алмай отыр. Тіпті бағаны 20 есеге шарықтатып жіберсе де.