Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Қазақстандықтардың статистикалық көрсеткіштерге сенімі жоқ - Н.Нығматулин

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2172
Қазақстандықтардың статистикалық көрсеткіштерге сенімі жоқ - Н.Нығматулин

Ұлттық экономика министрлігі тарататын статистикалық мәліметтер шындыққа жанаспайды. Дүкен сөрелеріндегі тауар бағасы ресми көрсеткіштен әлдеқайда жоғары. Бүгін мәжіліс депутаттары осы мәселені көтерді. Спикер министрге халық сенетіндей мәлімет тарату қажеттігін айтты.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Сізде дүкенге барасыз ғой, көресіз ондағы баға қандай, дәріханалдарда бағаның қалай өзгергенін. Сондықтан біз сол бағаларды статистикалық көрсеткішпен теңестіруіміз керек.

Ал Сүлейменов статистиканың қайдан шығатынын түсіндірді. 

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Біз әр тауардан 6-дан 10-ға дейінгі баға айырмашылығын аламыз. Мысалы, май бағасын алсақ, оның құны үй маңындағы дүкенде қандай, базарда қандай, ірі сауда үйінде қандай деген сияқты. Кейін орташа баға республика бойынша шығарылады. Біз үй маңындағы дүкеннен не сауда үйінен тауар алып, кейін оның құны орташа бағамен сай келмейді деп жатамыз. Десе де статистикалық тұрғыдағы баға дұрыс есептеледі.