Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Теңгенің құлдырауы ұшақ билеттерінің бағасына әсерін тигізбейді - Ж.Қасымбек

AstanaTV
05.09.2018ж. 20:00
2949
Теңгенің құлдырауы ұшақ билеттерінің бағасына әсерін тигізбейді - Ж.Қасымбек

Теңгенің құлдырауы ұшақ билеттерінің бағасына еш әсер етпейді. Бүгін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осылай деді. Оның пікірінше, бағаның шарықтауына әсер ететін факторлар әзерге тұрақты. Сондықтан әуе һәм темір жол билеттерінің қымбаттауына негіз жоқ.  

Жеңіс қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Билет құнына не әсер етеді? Алдымен ол, әрине, авиакеросин және, екіншіден, лизингте ұшақтары болса. Бүгін авиакеросиннің бағасы тұрақты. Егер ол тұрақты болса, билет бағасы да тұрақты болады деген сөз. Былтыр, мысалы, жанармай тапшылығы болған еді, бірақ ол билет құнына әсер еткен жоқ. Оның үстіне біз келер жылы әуе жанармайына деген тапшылықты толық жоямыз деп отырмыз. 

Еске салсақ, кеше ғана Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі әуе қызметінің құны былтырмен салыстырғанда 18,5%-ға қымбаттағанын айтқан.