Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Көкпарды өткізуге 200 млн теңге бөлінді

AstanaTV
10.09.2018ж. 20:00
4300
Көкпарды өткізуге 200 млн теңге бөлінді

«Көкпар дауына» қатысты бүгін Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының төрағасы Бекболат Тілеухан түсініктеме берді. Қырғызстанда өткен Үшінші Дүниежүзілік көшпенділер сайысы кезінде тараған видеолар мен қазақ командасының екінші орын алуы елдегі жанкүйерлердің ашуын шақырған. Біздің көкпаршылар мүлдем дайындықсыз келгендерін айтып, қырғыз журналистеріне сұхбат та берген. Диана Сапарқызы тарқатады.

Диана Сапарқызы, тілші:

Қырғызстанда өткен "Көшпенділер ойындарының" нәтижесі желіде қып-қызыл дауға ұласты. Қазақ көкпаршылары өзбектерден жеңіліп, финалдан қағылды. Ал ақтық сында қазақтармен жолығуды күткен қырғыз командасы, «салы суға кеткен» біздің ойыншыларды "қайрап", ауыр сөздер айтып тастады.

Қырғыз бапкері:

Өзбекстан көкпар ойнап қана емес, көкпарды өмірі ойнаған емес. Қай бетімен ұтылып бара жатсыңдар? Елге не беттеріңмен барасыңдар?  

Қызғыздардан «дұға сұраған» қазақ көкпаршылары жергілікті телеарнаға елдегі қауымдастыққа «өкпелеп» сұхбат беріп те үлгерді. Жігіттер басшылықты ашық айыптайды.

Біз дайындалған жоқпыз. Бәріміз сол жарыс болатын күні шықтық. Келдік. Ешқандай дайындық жоқ бізде. Бастықтардың барлығының ешқайсы жоқ. Ақша бөлінбеген. Ақша жоқ.

Сайысқа жауапты Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы болатын. Оның  президенті  Бекболат Тілеухан биыл ойынға азулы жігіттер емес, жас көкпаршыларды тартқанын айтып ақталды. Қауымдастық жарысқа қанша қаржы бөлінгенін де жасырмады.

Бекболат Тілеухан, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

200-250 млн доллар бөлінді дейді. 250 млн доллар дегенім - 60 млрд  теңге ме? 60 млрд түгілі, 6 млрд жоқ. 6 млрд түгілі, 1 млрд теңге жоқ. 1 млрд түгілі, жарты млрд теңге жоқ. Жарты млрд түгілі, жартының жартысы 200 млн теңге қайда? 200 млн доллар қайда?!

Диана Сапарқызы, тілші:

Биыл Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2 - 8 қыркүйек аралығында Шолпан-Атада өтті. Оған әлемнің 80 елінен 3 мыңнан астам спортшы келді. Қазақстан құрамасы спорттың 32 түрі бойынша бақ сынады. Келесі Көшпенділер сайысы 2020 жылы Түркияда өтеді.