Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде жоғалған малды іздеп кеткен алты адам он күннен кейін табылды

AstanaTV
10.09.2018ж. 20:00
2887
Ақтөбеде жоғалған малды іздеп кеткен алты адам он күннен кейін табылды

Ақтөбеде бір үйір жылқыны іздеуге шыққан алты адам он тәуліктен кейін бір-ақ табылды. Бұл туралы облыстық ІІД өкілдері хабарлады. Ағайынды Мейіржан мен Мейірхан Қарақовтар - негізі Ақтөбе қаласының тұрғындары. Екі жыл бұрын жоғалған малынан хабар келген соң, олар Шалқар ауданына жолға шыққан. Қастарына сай-саланы жақсы білетін төрт жігітті ертіп алған. Соңғы рет олар үшінші қыркүйекте байланысқа шыққан көрінеді. Содан бері хабар болмаған. Алаңдаған туыстары полицияға арызданып, іздеуді бастайды. Жоқ іздеген жігіттер бүгін Қызылорда облысының Арал ауданынан табылды. Өздері дін аман. Адасып кеткенге ұқсайды.